389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы зообағында «Стелла» атты барысқа эвтаназия жасалды

  • 221
  • UPD: 17:46, 19.09.2019
Алматы зообағында «Стелла» атты барысқа эвтаназия жасалды

Бұл туралы зообақтың instagram-дағы ресми аккаунтында мәлім етілді.

«Бүгін зообақ ішінде мұң орнады. Стелла атты барысымызды денсаулығында кінәрат болуына байланысты қолдан өлтіруге тура келді. Жануар 2004 жылы туған. Біздің орталыққа Ресейден 2011 жылы әкелінген еді. Негізі жыртқыш аң шамамен 12-15 жыл өмір сүреді. Оның күтіміне жауапты болған барлық қызметкер Стелланы шын жақсы көрді. Соңғы аптада жануардың жағдайы күрт нашарлаған соң, дереу маңдайалды клиникалардың ветеринарлары мен ҚазҰАУ профессорларының басып қосып, консилиум өткіздік. Консилиум  EAZA, WAZA, EARAZA халықаралық қауымдастықтарының ережелеріне ескеріп бірауыздан Стеллаға инъекция салу туралы шешім қабылдады», – делінген жазбада.

Жануардың неден өлгені өлексеге жасалған қорытындыдан кейін анықталады.

Хабар 24 телеарнасы