389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды

  • 249
  • UPD: 21:30, 19.09.2019

Педагогтарды артық жұмысқа тартқандар айыппұл төлейді. Мектеп мұғалімін жұмсап үйренген директорлар мен әкімдік қызметкерлеріне жаза қолданылады.

Ұстаздың уақытын алатын артық есеп-қисап та қысқартылады. Ал, жыл сайынғы демалысы 56 күнге ұзартылады. Мұның бәрі «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында қаралған. Жоба бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттарына таныстырылды. Еліміздің бас педагогы Асхат Аймағамбетов мұғалімнің мәртебесін арттырып, жұмысын жеңілдететін заң туралы жан-жақты баяндады. Министрдің айтуынша, магистр дәрежесі бар мұғалімдерге қосымша ақша төленеді. Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін де қосымша ақша алады. Жалпы бұл заң жобасын жасаған кезде ұстаздардың пікірі ескерілген. Еліміздің әр өңірінен 18 мың ұсыныс келіп түскен. 4 бағыт бойынша жасалған жобадағы нормаларды іске асыру үшін қосымша 1 трлн қаржы қажет.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Осы заңда қаралған нормалар бюджетпен, бюджеттегі қаражатпен бекітілген. Осы ең маңыздысы. Тек қана 3 жылдық бюджеттің өзінде 1 млрд-тан астам қаржы қарастырылды. Ол қазір Мәжіліс шеңберінде қарастырылып жатқан «Бюджет туралы» заңда да бәрі көрсетілген. Сондықтан ұстаздар үшін жақсы жағымды жаңалықтар болады деп санаймын.

Әбдіманап Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біздің қоғамда мұғалімге деген көзқарас жалақысының төмен болуы, өзіне тиісті емес жұмыстарға тартуға байланысты мұғалімдер жұмыс істегісі келмейді. Ата-аналармен қарым-қатынастары әртүрлі. Оларды өз деңгейінде қорғап жатқан жоқпыз. Және де мұғалімдерге материалдық, моральдық тұрғыдан жасап жатқан біздің кепілдіктеріміз де шамалы болып жатыр. Біздің Қазақстанда мектептерде магистрлер 1%-ті де құрамайды. Ол 0,7%-ті құрайды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы