389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балабақшаларға қауіпсіздік стандарттарын енгізу қажет

  • 192
  • UPD: 19:48, 19.09.2019
Балабақшаларға қауіпсіздік стандарттарын енгізу қажет

Балабақшаларға қауіпсіздік стандарттарын енгізу қажет. Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы медициналық орталығының басшысы Алексей Цой осындай ұсыныс тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Qarlygash-2019 халықаралық конференциясы шетелдік және отандық мектепке дейінгі білім беретін мамандардың басын қосты. Шараға тек педагогтар ғана емес денсаулық сақтау саласының мамандары да қатысып, балалармен жұмыс жүргізудің тың әдістерін ортаға салды. Балабақшада баланың өз еркімен дамуына жағдай жасалуы керектігі айтылды. «Бұл әлемдік тәжірибеде бар әдіс», -дейді мамандар. Яғни, балабақшада бүлдіршінді оқытпай-ақ оған өз еркімен үйренетін орта жасалады. Мысалы елордадағы 750 бала тәрбиеленетін «Қарлығаш» балабақшасы әлемдік трендтерге жүгіне бастаған. Мұндағы балалардың қауіпсіздігіне бар жағдай жасалған.

Гүлнар Абдуллина, «Қарлығаш» балабақшасының оқытушысы:

- Біз қауіпсіздік жағдайын жасап, сол арқылы балаларға заманауи технологиялық әдістермен білім береміз. Біз бүгін дәрігерлермен педагогтарды бірге басын қосып, ой-пікірін тыңдамақпыз.

Алексей Цой, ҚР президенті іс басқармасы медициналық орталығының басшысы

Қазір елімізде бүлдіршіндерді балабақшамен қамту бірінші орында тұрғаны белгілі. Десе де, кез келген ата-ана үшін баланың қауіпсіздігі маңызды. Сондықтан біз балабақшаларда қауіпсіздік стандарттарын әзірлеуді ұсынамыз. Ол үшін жаңа технологиялық әдістемелерді енгізу қажет.

Хабар 24 телеарнасы