389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Премьер-министр Қарағанды облысының жаңа әкімін таныстырды

  • 198
  • UPD: 22:57, 19.09.2019

Қарағандыда өңірдің жаңа басшысын премьер-министр Асқар Мамин облыс активімен таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемллекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білікті үйлестіруші деп ұсынған Жеңіс Қасымбектің кандидатурасын облыстық мәслихат бірауыздан қолдады. Жеңіс Қасымбек бұған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, кенді өңірді үш жылға жуық уақыт табысты басқарған Ерлан Қошанов президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Хабар 24 телеарнасы