389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел дамуы орта таптың әл-ауқатына байланысты - АҚШ сарапшысы

  • 241
  • UPD: 23:01, 19.09.2019

Орта таптың жағдайын жақсарту мақсатымен салық қысымын азайту - АҚШ президенті Дональд Трамптың экономикалық стратегиясының құрамдас бір бөлігі.

Бұл саясат Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында жариялаған бастамаларымен үндес. Әрине, екі ел экономикасының көлемі мен реформалар ауқымы әртүрлі болғанымен, негізі бір. Ел өркендеуі орта таптың әл-ауқатына байланысты. Мәселен, соншама ірі корпорациялары бар АҚШ экономикасы шағын және орта кәсіпорындарға сүйенеді. Олар елдегі экономикалық өсімнің қозғаушы күші әрі жаңа жұмыс орындарын құрады. Қазақстан президентінің шағын және микробизнесті үш жылға салықтан босату шешімін АҚШ тарапы жоғары бағалады. Белгілі қаржыгер, инвестициялық компания басшысы Бурк Маккормак бұл өте маңызды қадам дейді.

Бурк Маккормак, инвестициялық компанияның басшысы:

Шынын айтсам, үш жылға салық төлеуден босатқанын әлі көрмеппін. Салық жеңілдіктерін берудің түрлі үлгілері кездеседі, әдетте олардың мерзімі бұдан әлдеқайда аз. Ұзақ уақытқа салықтан босатқаны жақсы болған. Дамушы елдерді қарастыратын болсақ, оларға капитал жинап, акциялар нарығын құруға негіз салу үшін көп уақыт қажет. Экономикалық өсімді ірі корпорациялар емес, шағын және орта бизнес қамтамасыз ететіні бәріне мәлім.

Хабар 24 телеарнасы