389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бурабай мен Зерендіде салықтан жалтарған кәсіпкерлер анықталды

  • 194
  • UPD: 07:52, 20.09.2019
Бурабай мен Зерендіде салықтан жалтарған кәсіпкерлер анықталды

Ақмола облысында көптеген кәсіпкер табысын жасырып, салық төлеуден жалтарған. Мұндай заң бұзушылықтар Бурабай және Зеренді аудандарында анықталып отыр.

Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары жүргізген бір айлық тексеріс нәтижесінде бизнес өкілдері бас-аяғы 237 млн теңгені жасырып қалғаны белгілі болды. Табысын толық көрсетпегендердің қатарында қонақүй, дәмхана мен түрлі ойын-сауық қызметін ұсынатындар. Ал өткен жылы осы уақытта олардың жалпы кірісі 100 млн теңге ғана деп көрсетілген. Биылғы бақылау барысында кәсіпкерлердің шынайы табысы 3 есеге асып кеткенін ескерсек, олар кірістерінің көп бөлігін көрсетпей отырғаны даусыз. Оған бір ғана мысал, Бурабайдағы тамақтану орындарының бірі тексеріс уақытында, яғни бір айдың ішінде 25 млн теңге табыс тапқан. Алайда, өткен жылдың осы айында ол нысан, небәрі 2 млн теңге ғана кіріс кірді деп көрсеткен. 

Шынар Мусина, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Табысын азайтып көрсеткендер үшін әкімшілік кодексте салықты өндіріп алу шарасын қолдану қарастырылған. Олар енді салықтық есептің қосымша формасында шынайы табыстарын көрсетіп, соған сай салық төлейді. Аталған істер бойынша алдағы уақытта жергілікті бюджетке 7 млн теңгеге жуық түсім түседі деп күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы