389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да игерілмей жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

  • 207
  • UPD: 07:41, 20.09.2019
БҚО-да игерілмей жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Батыс Қазақстан облысының прокурорлары игерілмеген 2 мыңға тарта жер учаскесін анықтады. Пайдаланылмай бос жатқан жерлердің жалпы көлемі 1,5 миллион гектардан асады.

Қазіргі таңда бұл жерлердің басым бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар өңірде жер салығын төлеуден жалтару фактілері де көптеп тіркеліп отыр. Мәселен, Тасқала ауданындағы шаруа қожалықтары осындай 145 жер учаскесін салықтық есепке енгізбей келген.

Бауыржан Ахметжан, облыс прокурорының аға көмекшісі:

- Аз салық төлеу үшін 2 мың немесе 3 мың гектар жерлер алған қаулыларын еш жерге тіркетпей оны Әділет департаментіне де тіркетпей және салық органдарына да көрсетпей осы күнге дейін салықтарын жасырып келген. Аудандық прокурорлар осы бұзышылықтарды анықтап, уәкілетті органдарға тиісті нұсқауларын беріп, қазіргі уақытта төленбеген салықтарды бюджетке өндірді.

Хабар 24 телеарнасы