389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында әкімдік өкілдері салықты халықтан қолма-қол жинап жүр

  • 194
  • UPD: 10:32, 20.09.2019

Шалғайдағы ауыл халқы салықты қалай, қайда төлейді? Біздің Жамбыл облысындағы тілшілеріміз елді мекендерді ескертусіз аралап, тұрғындар арасында сауалнама жүргізіп көрді. Зерттеу кезінде әкімдік қызметкерлері үй-үйді жағалап жұрттан салыққа беретін ақшаны қолма-қол жинап алатындығы белгілі болды. Бұл қаншалықты заңды жүйе? 

Сауалнама жүргізу үшін Талас ауданы Қожағаппар ауылына бардық.

Ауылда қысқа қызу дайындық. Жұрт тезек, отынын дайындап қамданып жатыр. Мұнда тұрғындардың әрбір уақыты санаулы. Көп созбай бірден үй-үйді аралап зерттеуге  кірістік. 

Бұлбұл Байсалова, Қожағаппар ауылының тұрғыны:

- Амансыздар ма? Апа біз салық жүйесі бойынша сұрақтарымыз бар еді ауыл тұрғындарына. Сіздерден салық қалай жиналады? Жылын бір рет жиналады. Қанша төлейсіздер? Мен 1050-ге дейін төлеймін жер салығым бар, түтін пұлым бар. Оның кім жинайды? Майтөбенің орталығында фамилясы кім әйелдің?  

Бибайша Наурызбаева, Қожағаппар ауылының тұрғыны:

- Жылына бір рет келеді. Жер төлеміне осынша төлейсің дейді. Біз төлейміз. Қолма қол төлейсіздер ма? Қолма-қол төлейміз. Квитанцияларыңызды қашан аласыздар? Сразу бірден берген емес бізге квитанцияны шыны керек! 

Сағынтай Өмірәлиев, тұрлыбай ауылының тұрғыны:

- Алдын ала хабарлама бере ма сіздерге? Осынша төлейсіңдер деп па? Ондай берілмейді. Хабарлай ма? Әйтеуір келе салады ғой ауылға. Ойбай міне кеп қалдық дейді. 

Ақкөңіл ауылдық ағайын. Қалтасынан шыққан ақшасының квитанциясын сұрамайды да шіркін. Яғни жергілікті әкімдік қызметкерлеріне сүйенеді, һәм сенеді. Жо, жоқ. Әкімдіктегілер алдайды дегеннен аулақпыз. Бірақ бұл жүйе қаншалықты дұрыс? 

Сағымбек Талқанбаев, Берікқара ауылдық округінің әкімі:

- Жылдың басында аудандық Кіріс департаментінен беріледі. Сол бойынша жинайды. Әр айға жоспар қойып қойған. Сол жоспарды орындап келе жатыр. Бірінші қазанға жер, мүлік, табыс салығын бітіреміз. Ал көлік салығы 1 желтоқсанға дейін. 

Берікқара ауылдық округі халқынан бүгінгі күнге дейін салық төлемдері 85 процент жиналып қойған. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Осы сияқты өзге де ауылдардан қаншама қаржы бюджетке құйылады. Оны кім қадағалайды? Жалпы бұл қаншалықты дұрыс жүйе? Түйгеніміз халықты салық жүйесіне қатысты ақпараттандыру шараларын жандандыру қажет. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы