389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжанда жерін игермеген фермерге екі есе қымбат салық салынады

  • 153
  • UPD: 16:13, 20.09.2019

Әлемнің барлық елінде жылжымайтын мүлікке салық салынады. Бірақ оны төлеуде әр мемлекеттің өз ұстанымы бар.

Мысалы, Әзербайжанда ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер жер салығын ғана төлеп, өзге салықтардан босатылады. Алайда жерін пайдаланбайтын шаруаларға салық көлемі екі есе көбейеді. 

Әзербайжанда ауыл шаруашылық мақсатында қолданылатын жерлерге салық төмен. Оның мөлшері жер сапасына байланысты баллдық жүйе бойынша есептеледі.

Фирдоуси Фикретзаде, аграрлық зерттеулер орталығының директоры:

- Әр балл үшін 6 тиын есептеледі. Егер жері 10 баллға бағаланса, иесі әр гектар үшін 60 тиын төлеуі тиіс. Жүз баллға бағаланса әр гектары үшін 6 манат төлейді. Бұл шаруаларды құнарлы жерлерін пайндалануға ынталандыратын шара. Ал егер фермер жерін пайдаланбаса, ол әр гектары үшін 200 манат төлеуі қажет.

Әзербайжанда жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлік пен жерге  әртүрлі салық салынады. Жеке тұлғалар мүлкі құнының 0,1, ал заңды тұлғалар 1 пайызын төлейді. Азаматтар салықтарын жергілікті бюджетке, ал компаниялар мемлекеттік бюджетке аударады.

Нусрат Ибрагимов, жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы:

- Салық мөлшерлемесі мүліктің орналасу жеріне байланысты. Қала орталығындағы мүлік үшін қала шетіндегіден көбірек төлейді. Мысалы Бакуде 100 шаршы метр үшін 10 манат есептеледі.

Сарапшылардың айтуынша, жылжымайтын мүлікке салық нарықтық бағасы бойынша есептелуі қажет. Ал мүлікті мамандар бағалағаны жөн. Бірақ қазір салық амортизациялық құны бойынша есептеліп жүр.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы