389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұрлы жер» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда

  • 202
  • UPD: 11:13, 20.09.2019
«Нұрлы жер» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда bnews.kz

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді 30 шаршы метрге дейін арттыру үшін 2030 жылға қарай жаңа тұрғын үйді іске қосу көлемінің жыл сайын 8%-ға өсуі жоспарланған.

Биылғы жылы 13,0 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй немесе 118 мың тұрғын үй салынатын болады (өткен жылдың жоспарына қарағанда өсім +8% немесе 12,1 млн шаршы метр).

Осы жылдың 8 айында қаржыландырудың барлық көздері бойынша 7,6 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 65 мың пәтер салынды (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 98,4% немесе жылдық жоспардың шамамен 60%).

Жалға берілетін тұрғын үй

2019 жылы әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін 6002 жалға берілетін тұрғын үй салу (сатып алу) үшін республикалық бюджеттен 32,8 млрд теңге бөлінді. Жыл сайын кемінде 4 мың пәтер пайдалануға беріледі. Көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін жедел шешу мақсатында мамыр айынан бастап барлық қаржыландыру көздерінен 2 813 тұрғын үй берілді.

Несиелік тұрғын үй

ЖАО облигацияларын шығару жоспары 108,8 млрд теңгені құрайды. «Бәйтерек девелопмент» АҚ 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖАО облигацияларын 87,4 млрд теңге сомасына сатып алды, әкімдіктер 54,9 млрд теңге игерілді. 2019 жылы 733 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үй немесе 12 388 пәтер салу жоспарлануда. Бүгінгі күні ауданы 169,0 мың шаршы метр 2811 пәтер пайдалануға берілді.

Жастар үшін баспана

Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Сондықтан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін жыл сайын кемінде 3 мың жалдамалы пәтер салу жоспарлануда. 2021 жылға дейін 9 мың жалға берілетін пәтер салуды жоспарлап отырмыз.

Анықтама:

-Нұр-сұлтан қаласында 1050 пәтер бастапқы нарықтан сатып алынады;

-Шымкент қаласында 570 пәтер бастапқы нарықтан, 30 пәтер қайталама нарықтан сатып алынады, 304 пәтер салынып жатыр;

- Алматы қаласында 1020 пәтер сатып алу және 30 пәтер салу жоспарлануда.

Ақпарат көзі: government.kz

Хабар 24 телеарнасы