«Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының 833 пен 893 шақырым аралығындағы учаскеде су өткізгіш құбырлар орнатылып, газ құбырлары мен жерасты кабельдері қайта жүргізілуде, деп хабарлайды «ҚазАвтожол» АҚ баспасөз қызметі
Бүгінгі таңда топырақ-минералды қоспадан жол табанының 8 шақырым төменгі қабаты, қиыршық тас пен құм қоспасынан жол табанының 7 шақырым жоғарғы қабаты, ал жол жабынының 4 шақырым жоғарғы қабатына асфальт-бетон төселді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жол жабынының барлық қабаты бойынша кезең-кезеңмен жүргізілуде.
Өңірде қайта жаңарту жұмыстарына байланысты ұзындығы 35,7 шақырым айналма жол бойынша қозғалыс ашылды. Сонымен қатар, жолшылар жол-пайдалану учаскенің құрылысын жалғастыруда. Бүгінде оның іргетасы қаланып, қабырғалары көтерілуде.
Ұзындығы 60 шақырым учаскедегі жұмыстарға 250 білікті маман және 180 бірлік техника жұмылдырылған.