389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда республикалық «Қазқұтқару – 2019» іс-шарасы қорытындыланды

  • 250
  • UPD: 12:26, 20.09.2019
Алматыда республикалық «Қазқұтқару – 2019» іс-шарасы қорытындыланды

20 қыркүйекте Алматы облысындағы Тамғалы тас шатқалында «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында өткен «Қазқұтқару – 2019» 24-ші республикалық жиын –семинары аяқталды.

Ол 10 қыркүйекте басталған болатын.

«Қазқұтқару-2019» жиын-семинарының негізгі мақсаты – авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру, құтқару бөлімшелерінің іздестіру-құтқару жұмыстарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, өзара іс-қимылды пысықтау және құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе алмасу.

«Қазқұтқару-2019» 24-ші республикалық жиын-семинарының салтанатты жабылуына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Құдайбергенов Асылхан Аймұратұлы қатысты.

10 күн бойы жедел-құтқару жасағының құтқарушылар командасы құтқару көпсайысы бойынша жарыстардың күрделі кезеңдерінде жарысты.

«Қазқұтқару-2019» жиын-семинарына құтқару бөлімшелерінің 16 командасы, оның ішінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 14 жедел-құтқару жасағы: республикалық жедел-құтқару жасағы, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-сұлтан және Шымкент қалалары ТЖД жедел-құтқару жасақтары және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінен 2 команда қатысты.

Сонымен қатар қатысушы командалар арасында құтқару технологиялары бойынша семинар және авариялық-құтқару жабдықтары мен жарақтарының жаңа үлгілерінің көрмесі өткізілді.

«Орташа айқындалған жер бойынша Кросс» жарыс кезеңдерінің қорытындысы бойынша орындар келесі түрде бөлінді: 1 орын – Нұр-сұлтан қ. ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 2 орын – Ақтөбе облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 3 орын – Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы №28237 әскери бөлімі иеленді.

Сонымен бірге команда қатысушылары «Күштік жаттығулар кешені» дистанциясында 1-орында Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 2 – орында Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, 3-ші орында Шығыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ жедел – құтқару жасағы.

«Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясында 1-орында – Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағы; 2-орында – Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағы, 3-орында – Республикалық жедел – құтқару жасағының командасы.

 «Табиғи орта жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары» дистанциясында республикалық жедел-құтқару жасағы үздік атанды, екінші орында – Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағы, үшінші орында –Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел – құтқару жасағы.

«Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясының жеңімпазы республикалық жедел-құтқару жасағының командасы болды, екінші орында – Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағы, үшінші орында – Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел – құтқару жасағы.

Барлық дистанциялардан өту нәтижелері бойынша «Қазқұтқару-2019» 24-ші жиын-семинарының жеңімпаздары республикалық жедел-құтқару жасағының командасы болды. Екінші орынды Батыс Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары иеленді. Үшінші орынды Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел-құтқару жасағының командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпаратты ұсынған: ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі 

Хабар 24 телеарнасы