389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жастарға жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды

  • 235
Нұр-Сұлтанда жастарға жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды qasym.kz

Елордада жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Елбасының жастар жылы аясындағы тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 3 мыңнан кем емес жалға берілетін пәтерлердің құрылысы басталды. 2021 жылға дейін 9 мың жалға берілетін пәтер салуды жоспарлаудамыз», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-министр жеке тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

«Жоспарланған тұрғын үй құрылысының көлемдерін қамтамасыз ету үшін мемлекет жаппай тұрғын үй құрылысы алқаптарына қажет инфрақұрылым жеткізу есебі арқылы шаралар көрсетіп келеді. Жыл сайын инженерлік коммуникацияларымен 40 мың учаске қамтамасыз етіледі. 2017-2018 жылдар аралығында 110 мың учаске қамтылды. 2019 жылы республикалық бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 81,7 млрд теңге бөлінді», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы