389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жыл соңына дейін 8 мың отбасы баспаналы болады

  • 238
  • UPD: 13:36, 20.09.2019
Елімізде жыл соңына дейін 8 мың отбасы баспаналы болады

Биыл елімізде 13 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі. Қазірдің өзінде оның басым бөлігінің құрылысы аяқталды. 

Бұл туралы үкімет үйінде өткен «Нұрлы жер» бағдарламасының орындалу барысын талқылаған жиында айтылды. Көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түспек емес. Биыл мамыр айынан бастап 3 мыңға тарта осындай жанұя баспаналы болды. Жыл аяғына дейін оларға тағы 8 мыңнан аса пәтер беру көзделген. Ал 2020 жылға дейін 40 мың шаршы метр, яғни жыл сайын 6 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деген жоспар бар.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары:

- Көп балалы аналарға айтайын деп отырмын. Екі жолмен шешіп жатырмыз бұл мәселені. Тіпті жағдайы жоқ адамдар «Бақытты отбасымен» несие алып, үй сатып алатын жағдайы болмаса, біз айтып отырымыз 3 жылдың ішінде жалға берілетін үй саламыз деп. Биыл 8 мың үй салдық. Мына жерден қолжетімді болмаса, «Бақытты отбасынан». Біз үш жылдың ішінде жалға берілетін үйлермен қамтып беруге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы