389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кеденге кептелген көлік жүргізушілері ай бойы кабинаға түнеп келеді

  • 206
  • UPD: 15:19, 20.09.2019

Түркиядан құрылысқа қажетті заттарды елімізге тасымалдайтын 25 жүк көлігі Алматыдағы уақытша сақтау қоймасының аумағында тұрғанына 1 айға жуықтаған. Жүргізушілер 27 күннен бері көліктің кабинасына түнеп, өмір сүруде.

Алматыдағы уақытша жүк сақтау қоймалардың бірінің басшысымен кездесуге 25 жүргізуші келіпті. Олардың жүзінен шаршағандарын байқау қиын емес. Жүк көліктері магаполиске 23 тамызда кірген. Ақтоғай қаласына құрылыс заттарын  жету үшін  әлі бірнеше күн жол жүру керек. Алайда құжаттардың дұрыс болмауынан 1 ай бойы қойманың аумағында тұруға тура келген.

Александр Юрчук, жүргізуші:

- 23-і күні Түркияға хабарластық. Неге өткізбей жатыр? Қандай мәселе деп, Олар біз емес Қазақстан дейді. Мұндағылар Түркияға сілтейді. Нәтижесінде біз зардап шегіп отырмыз. Көліктер тоқтап тұр. Бір ай бойы кабинада өмір сүрдік. Бұған қалай төзуге болады?

Қойма басшылығы мұндай жағдайдың тәжирибелерінде бірінші рет болып отырғанын айтады. Алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шетелден келген кедендік жүктер сақтау қоймасында 4 айға дейін тұра береді. Барлық құжаттардың дұрыстығы толық тексерілмесе, жылдап тұратындар бар. Сақтау қоймасының өкілдерінің айтуынша, жүкті жібергендердің құжаттары дұрыс. Тек, қабылдап алушының қағаздары реттелмеген. Осыны реттесе, жүк түсіріледі. 

Айбат Төлбасы, уақытша сақтау қоймасының директоры:

- Кедендік қойма болып табылады. Бұл жерде барлығы заңмен қарастырылған. Егер рұқсат етілген құжаттары болса, біз ешқандай автокөлікті ұстауға құқымыз жоқ. 002837 Қазір бізде қағаздарының бәрі дайындалып жатыр. Бүгін кештен бастап машиналардың бәрін босататын шығармыз. 

Құжат әуресі тек компанияларды ғана емес, жүргізушілерді де шығынға батырған. Уақыт жоғалтқаны бір бөлек, қаржы жағынан да қиындықтары аз емес. 

Александр Юрчук, жүргізуші:

- Ұзақ тұрғандықтан, уақытша кіру рұқсатының уақыты бітті. Ресейге енді қалай кіреміз, білмеймін. Бұл үшін өте көп көлемде айыппұл салынады.

Уақытша сақтау қоймасының басшылығы жүргізушілерге алғашқы жүк көліктері Ақтоғайға бүгін аттанатынын жеткізді. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Владимир Бовкис, Нурдаулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы