389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан полициясына кадр іріктеуді жетілдіру қажет – ҚР ІІМ

  • 283
  • UPD: 15:35, 20.09.2019
Қазақстан полициясына кадр іріктеуді жетілдіру қажет – ҚР ІІМ

Қазақстан полициясының образы түбегейлі өзгеруі тиіс. Бұл үшін Ішкі істер органдарын реформалаудың нақты қадамдары қажет.

Бұл туралы Сенат депутаттарының ішкі істер министрлігінде өткен көшпелі отырысында айтылды. Кездесу барысында сенаторлар құқық бұзушылықтың алдын алу бағыттары мен саланы жаңғыртудың нақты қадамдарын талқылады. Сала министрлігі ішкі істер органдарын жаңғыртудың жол картасын әзірлеп жатқанын айтты. Онда кадрларды даярлап, іріктеу жүйесін жетілдіру, жемқорлықпен күрес және қылмыстық атқару жүйесіне жаңашылдықтар енгізу мәселлері тыңғылықты қаралмақ. Сондай-ақ отырыста есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қатысты жазаны күшейту мәселесі де сөз болды. Өз кезегінде сала мамандары қылмысты төмендету бағытында ел полициясы тарапынан жасалып жатқан шараларды тілгетиек етті. Соңғы 8 айда жалпы еліміз қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 13 процентке   азайған.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жол картасының орындалу мәселесі, отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелер, есірткі немесе психотроптық заттарды тасымалдау осы үш қоғамды ойландыратын қолданыстағы заңның қаншалықты жетілдірілгені. ІІО жұмысын жандандыру, азаматтардың қауіпсіздігі, одан кейінгі мәселелер. Яғни қоғамның ішкі істер органдарына деген сенімін арттыру.

Алексей Калайчиди, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- Салада ең әуелі, кадрларды іріктеу және даярлау жүйесін жетілдіру қажет болып отыр.  Біздің қызметкерлеріміздің кәсіпқойлығына қатысты, көптеген мәселелер айтылып жүр. Сондықтан ішкі істер органдарының мамандарын әлі де жетік даярлау міндеті тұр. Сонымен қатар біз қоғаммен жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек. Яғни тұрғындармен жұмыс жасаудың жаңа формасын енгіземіз.

Хабар 24 телеарнасы