389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Әблязовтің өз еркімен елге оралған сыбайластары айыппұл төлейді

  • 299
  • UPD: 16:52, 20.09.2019
Мұхтар Әблязовтің өз еркімен елге оралған сыбайластары айыппұл төлейді

Экс-банкир Мұхтар Әблязовтің өз еркімен елге оралған сыбайластарына қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Сергей Перов хабарлады. Әблязовтің сыбайластары 1500-ден 3000 АЕК дейін айыппұл төлейді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, сот үкімін шығармас бұрын айыпталушылардың өз кінәсін толық мойындап, тергеу амалдарына көмектескені назарға алынған. Еске салсақ, Мұхтар Әблязов басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топта 100-ден астам адам болған. Олардың 18-і әлі іздеуде.

Сергей Перов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

– 2019 жылдың 23 тамызында Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының шешімімен өз еркімен оралған М.Әблязовтің 7 сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Сыбайластарының ішінде үш Ресей азаматы Трофимов Артур, Хаблов Максим, Әбдіқайымова Анар, Украина азаматы Қадесов Ержан және үш қазақстандық Погорелов Анатолий, Налобин Валерий және Жүнісова Зәуре бар. Олар 1500-3000 АЕК дейін айыппұл төлейді. Үкім шығарғанда сот айыпталушылардың ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болғанда, топ басшысы Әблязовтің тапсырмаларын орындап, материалдық пайда көрмегенін ескерді.

Хабар 24 телеарнасы