389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда елде өндірілетін және сырттан келетін құрылыс материалдарының үлес салмағы талқыланды

  • 248
Алматыда елде өндірілетін және сырттан келетін құрылыс материалдарының үлес салмағы талқыланды

Бүгін Алматыда Қазақстан құрылыс индустриясының жетістіктері мен болашағын талқылаған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Онда елімізде өндірілетін және сырттан әкелінетін құрылыс материалдарының үлес салмағы, бұйымдар мен конструкцияларды дамыту және осы салаға қажет білікті кадр даярлау мәселелері талқыланды. Аталған шара елімізде құрылыс материалдары индустриясының дамуына зор еңбек сіңірген инженер-ғалым Беркімбай Пәрімбетовтің 90 жылдығына орай ұйымдастырылды. Ол республика бойынша жаңа техника мен алдыңғы технологияларға негізделген, отандық өнім шығаратын кәсіпорындар құрумен айналысты. Министр қызметінде болған кезде мәрмәрді, ұлутасты және гранитті өңдеп, құрылыс материалы ретінде пайдалану ісін дамытты. Құрылыста жаңа қаптама материалдарды пайдалану нәтижесінде тек Алматыда ғана емес, еліміздің ірі қалалары көркейіп, сәулетті ғимараттар пайда болды.

Рахман Алшанов, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы:

– Республика дамып келе жатқан кезде кірпіш, цемент, арматура бәрін сырттан алдық. Ал өзімізде шикізат мол. Соның барлығын тапсырып, өзі өңірлерге барып,  алай кәсіпорындарды ашты.

Хабар 24 телеарнасы