389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғандағы апат: ауыр жарақат алғандар Алматыға жеткізілді

  • 274
  • UPD: 21:42, 20.09.2019
Шамалғандағы апат: ауыр жарақат алғандар Алматыға жеткізілді

Шамалғандағы жол апатынан ауыр жарақат алған екі қыз бала кеше Қаскелеңнен Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілді.

«5 және 3 жастағы қыздың жағдайы әлі де ауыр, бірақ бір қалыпты. Екеуі де аппаратпен тыныс алып жатыр. Бүлдіршіндерді аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз, деді дәрігерлер.

Естеріңізге салатын болсақ, 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19:08-де Алматы- Шамалған теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқан еді. Оқиға орнында қоғамдық көлік жүргізушісі қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алған болатын.

Дінмұхамед Рузуддинов, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

– Үлкенінде бас миының сүйектерінің сынығы бар. Ол балаға ота жасалған. Кішкентайында бас миының сынығы жоқ, бірақ өте ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы диагнозы қойылды. Және балалардың екеуінде де мына өкпе қуысының соғылуы, іш пердесінің соғылуы деген диагноздар бар қосарланған. Сондықтан ем қабылдап жатыр.

Балалардың анасы да кеше Алматыдағы №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, оның миы шайқалып, кеуде қуысы жарақаттаған. Сондай-ақ қабырғалары мен жамбас сүйектері сынған. Науқас бүгін палатаға ауыстырылды. Қазір оған психолог мамандар көмек көрсетіп жатыр, дейді дәрігерлер.

Жасұлан Арғынбаев, №7 қалалық клиникалық ауруханасының травматологы:

– Ол кісіге екі ота күтілуде. Қазіргі жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Болашақта жамбас  үйегіне және қабырға сүйектеріне ота жасалу күтілуде. Азаматшаның толық айығып кетуіне 3,5 ай уақыт керек.

Хабар 24 телеарнасы