389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзіне қол салған полиция қызметкерінің туыстары оның өлімін қызметімен байланыстырып отыр

  • 265
  • UPD: 21:47, 20.09.2019
Өзіне қол салған полиция қызметкерінің туыстары оның өлімін қызметімен байланыстырып отыр

Павлодарда полиция қызметкері өзіне қол салды.

Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, 34 жастағы Руслан Оспановтың денесі қыркүйек айының 19-да Сәтбаев көшесіндегі үйлердің жанынан табылды. Аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары өзіне не себепті қол салғаны анықталатын болады. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары басталған. Қызметтік тексеруді жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы жүргізеді. Полиция майорының туыстары оның өлімін қызметімен байланыстырады. Ал полиция департаменті мұның шындыққа жанаспайтынын айтып отыр. Руслан Оспанов құқық қорғау саласында 12 жыл қызмет атқарған. Оның артында бір баласы мен жүкті әйелі қалды.

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары:

– Полиция майорының өлімін қызметімен байланыстыруға ешқандай негіз жоқ дер едім. Өйткені оның жұмысына қатысты мәселе туындаған емес. Қызметке деген жауапкершілігі жоғары болды. Мінезі ашық, елгезек жігіт еді. Мен оған қызметкер ретінде тек жақсы мінездеме бере аламын. Отбасына қолымыздан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы