389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде арнайы әлеуметтік жәрдемақы алатындардың саны 9 есе өскен

  • 220
Елімізде арнайы әлеуметтік жәрдемақы алатындардың саны 9 есе өскен

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған мемлекеттік бағдарламаның нәтижелі іске асуына әрбір министрлік жауапты болады.

Ол үшін әсіресе жергілікті атқарушы билік өкілдері тиянақты жұмыс істеуі тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында әрбір сала бойынша атқарылатын істерді нақты көрсетіп берді. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарабев Өскеменде өткен халықпен кездесуінде әлеуметтік сала бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Соңғы бірнеше айда еліміз бойынша арнайы әлеуметтік жәрдемақы алатындардың саны 9 есе өскен. Дегенмен Үкімет қазір жәрдемақы төлеу емес, жұмыссыздарды жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға күш салып жатыр. Ал мамандығы жоқтар қайта оқытылады. Одан соң тоқсан сайын әр мемлекеттік бағдарламаның орындалу нәтижесі шығарылмақ.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Әрбір мемлекеттік бағдарламаның нәтижесін бағалауымыз керек. Мұны бағалау үшін индикатор белгіленген. Оның ең негізгісі – жұмыс орны. Одан кейін сол оқыған мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру.

Хабар 24 телеарнасы