389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда полицейлерге 102 жаңа қызметтік көліктің кілті табыс етілді

  • 213
  • UPD: 08:48, 21.09.2019
Таразда полицейлерге 102 жаңа қызметтік көліктің кілті табыс етілді

Жылдамдығы жоғары темір тұлпарлар бірінші кезекте республикалық және облыстық маңыздағы жолдарда қауіпсіздікті күзететін тәртіп сақшыларына берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Жамбыл облысы – транзиттік аймақ. Өңір арқылы тәулігіне орта есеппен 10 мың автокөлік қатынайды. Су жаңа көліктер жолдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қатаң сақтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, биыл облыстық полиция департаментінің автопаркі 235 жаңа қызметтік көліктермен толықты. Бұл соңғы 7 жылда болмаған көрсеткіш.

Арман Оразалиев, облыстық полиция департаментінің басшысы:

- Бұрын көліктердің жетіспеді және де тозығы жеткен көліктер болатын болса, қазір біздің көліктердің барлығы жаңа. Кем дегенде 5 жыл ешқандай жөндеу жұмыстарынсыз жүре береді. Автопарк бүгінгі күні 86%-ке жаңартылды. Ендігі кезекте біздің басты міндетіміз жаңа форматта заңға сәйкес халыққа адал қызмет ету.

 

Хабар 24 телеарнасы