389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада түркі жастарының халықаралық фестивалі өтіп жатыр

  • 229
  • UPD: 10:23, 21.09.2019

Қызылордада «Түркі әлемін тоғыстырған – Сыр елі» атты халықаралық фестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркітілдес елдер жастарының қарым-қатынасын нығайтып, ортақ тарихы мен рухани құндылықтарды дәріптеуді көздеген шараға еліміздің барлық өңірінен және Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Әзербайжан елдерінің жастары қатысуда.

Сыр елінде түркі әлемінің жастары алғаш рет бас қосып отыр. Киелі Қорқыт Атаның мәңгілік мекеніндегі тағылымды шара жас буынның жаңа бастамаларына серпін беруді көздейді. Фестиваль аясында ауқымды тақырыптар қамтылды. Солардың бірі – ежелгі түркі жазбасына қатысты құнды мәліметтер жастарға таныстырылды.

Даир Қыдырғалиұлы, «Көшпенділер атамұрасы» халықаралық қоғамдық қорының өкілі:

- Өзіміздің түркі жазбамыз болған. 1500 жыл бұрын өзіміздің жазбамыз болған. Күлтегін қағанаты, Түркі қағанатында қолданған. Соны аударғанда бүкіл қазақтың 65% сөздері шығады. Тағы басқа түркітілдес халықтардың тілдері шығады.

Фестиваль қонақтары Қызылорда қаласының көрікті орындарын аралады. «Рухани жаңғыру» орталығы мен облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды. Сондай-ақ жуырда ғана пайдалануға берілген «Жастар орталығының» жаңа ғимаратының жұмысымен танысты.

Шахмардан Байманов, ҚР Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары:

- Басты мақсат – жер-жерлерден басқа елдерден келген жастар өздерінің елдеріндегі барлық осы мәдениетін біздің жастарымызға пікір алмасып, бірлескен түрде шараларды ұйымдастыруды алдағы уақытта жоспарлайды. Жалпы осы республика көлемінде жасалып жатқан игі бастамаларды осы форумға қатысып отырған жастарға үлкен бір тәрбиелік мәнісін беретін үлкен бір септігін тигізетін форум деп ойлаймын.

Үш күнге жалғасатын халықаралық фестиваль аясында жастар саясатындағы оң бастамалар негізінде тәжірибе алмасу, ішкі туризмді дамыту және Сыр елінің тарихымен таныстыру үшін сексциялық жұмыстар өтетін болады.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Байділдаев

Хабар 24 телеарнасы