389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

  • 251
  • UPD: 11:26, 21.09.2019
Елордада Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

Елордада Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәрмеңкеге Қызылорда қаласы мен облысқа қарасты аудандардан 355 тонна өнім түрлерін 24 автокөлікп жеткізген. Сыр өңірінің тауар өндірушілері 40-тан астам өнім түрін, оның ішінде 100 тонна күріш, 174 тонна қауын, қарбыз, асқабақ сынды бақша дақылдарын, 5 тонна сүт өнімдерін, 16 тонна балық, 45 тонна, картоп, басты пияз, қияр, қызанақ, 3,5 тонна жеміс, 10 тонна ас тұзын, 1,5тонна Қызылорда конфеттерін саудалап жатыр.

«Облыстың ауыл шаруашылығы саласы соңғы 5 жылда жоғары көрсеткіштерді көрсетуде. Облыстың ішкі жалпы өнімінің құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі 2,5 пайыздан 3,7 пайызға артты, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 45,9 есеге, ал тамақ өнімдерін өндіру 10,0 пайызға өсті. Шаруашылық субъектілерінде соңғы 5 жылда ет өндіру 73,9, сүт 31,6 пайызға артты», - деді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов.

Оның атап өтуінше, ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артық егілген. Егінге орақ салу жұмыстары 20 тамыздан басталды. Бүгінгі күні 87,9 мың гектар күріштің 37 247 гектары орылды.,Ооның 29 102 гектары бастырылып, 143,8 мың тонна өнім алынды. Орта өнім 49,4 гектарына центнерді құрайды. Күріш жинау жұмыстары жалғасуда.

Ал Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, өңірдің тауар өндірушілері елордаға 215 тоннаға жуық өнім жеткізілген.

«Облыстың тауар өндірушілері құс, жылқы, сиыр, қой етін, көкөністер, сүт өнімдерін, макорон, кондитерлік өнімдерді алып келді. Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы елорда базарларындағы бағадан 10-15 пайызға арзан. Сондықтан таңертеңнен келіп сауда жасап жатқан елордалықтардың қарасы қалың. Сиыр етін 1500, жылқы етін 1700, қой етін 1300-ден сатып жатырмыз», - деді басқарма басшысы.

Хабар 24 телеарнасы