389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық кардиохирургтар Орта Азия елдері ішінде тұңғыш рет айрықша операция жасады

  • 223
  • UPD: 14:11, 21.09.2019
Ақтаулық кардиохирургтар Орта Азия елдері ішінде тұңғыш рет айрықша операция жасады

Бұған дейін жүректің зақымданған қолқа қақпақшасы имплантпен ауыстырылатын.

Енді қазақстандық дәрігерлер тін жасушаларын қолдану арқылы қолқа қақпақшасын қалыптастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

42 жастағы ер адам тамыз айында орталық ауруханаға инфекциялық эндокардит диагнозымен түскен. Протезді импланттау мүмкін болмаған соң Озаки операциясын жасау туралы шешім қабылданды. 2,5 сағатқа созылған емдік шара сәтті аяқталды. Қазір науқас жансақтау бөлімшесінен палатаға ауыстырылды. 

Ернұр Ордабаев, облыстық кардиохирургия орталығының жетекшісі:

- Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы үнемі бақылауда. Енді бұл азаматқа протезді имплантаттаудан кейінгі препараттарды қабылдаудың еш қажеттігі жоқ. Яғни, біздің орталықта алғаш рет Озаки операциясы сәтті жасалды деп айтуға болады. Жалпы мұндай күрделі емдік шара жасалатын орталықтар әлем елдерінде саусақпен санарлық. Мұндай операцияны қолдану арқылы көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға болады.

Хабар 24 телеарнасы