389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әуе билеттерінің қымбаттығына байланысты тергеу басталды

  • 228
  • UPD: 15:10, 21.09.2019
Әуе билеттерінің қымбаттығына байланысты тергеу басталды

Екі әуе компаниясына қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Азаматтық авиация қызметтерін арығында баға белгілеу практикасын зерделеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі «Эйр Астана» АҚ және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1-тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергептексеру жүргізуге бастамашылық етті», - делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болды.

Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігі бағаланады.

Хабар 24 телеарнасы