389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев ШҚО-дағы әлеуметтік нысандарды аралады

  • 218
  • UPD: 19:21, 21.09.2019
Б.Сапарбаев ШҚО-дағы әлеуметтік нысандарды аралады

Ел бюджетінің 45 проценті әлеуметтік салаға  жұмсалады. Бұл білім және денсаулық саласының материалдық базасын нығайтып, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді. 

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысына сапары кезінде әлеуметтік мекемелерді  аралап, Президенттің  жолдауда жүктеген міндеттері туралы айтып берді.

Семей мен Өскеменнен соң Алтай  ауданындағы тұрғындармен кездесуде  премьер-министрдің  орынбасары Бердібек Сапарбаев  үкіметтің әлуметтік бағыттарда атқарып   жатқан  жұмыстарына тоқталды. Әсіресе ауылдағы  ұстаздар мен дәрігерлер  және мәдениет қызметкерлерінің  жалақасы әлі де көтеріледі.  Ал  бұл саладағы мекемелердің материалдық жағдайын нығайту арқылы мамандардан сапалы қызмет талап етуге болады. Осы тұрғыда қазір алыс аулдардағы мектептерде ІТ сыныптар ашылып жатыр. 

Аслан Қыдырханов,  технология пәнінің мұғалімі:

- Технологиядан жаңа салалар  мысал үшін зергерлік деген сияқты. Метал өңдеу жағнан беріп жатырмыз. Болашақта балалар қазір көріп тұрғандай цифрлы Қазақстан деп жатыр ғой, соған дайындалып біздің мектептен шығарып жатыр.

Тұрғұсын ауылындағы кездесуде үкімет басшысының орынбасары  ұстаздардың жағдайын жасауға  жергілікті  атқарушы билік  ерекше басымдық беру керек екенін айтты. Өйткені Алтай ауданында кейбір пәндер бойынша әлі де мұғалім жетіспейді. Сондықтан осы олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекеттің нәижелі жұмыспен қамту  және «Еңбек» бағдарламасын пайдалануды тапсырды. Алтай ауданындағы инсульттық орталықтың  жұмысын да көрді. Медициналық мекеме 100 процент заманауи құралдармен жабдықталған. Мамандардың бәрі де  жергілікті тұрғындар. 

Наил Назыров,  инсульттік орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

-  Біздің мамандардың  көбісі Ұлыбританиядан барып оқып келді. Нәтижесінде жүрек талмасы ұстап, қайтыс болатын адамдар саны азайды. Тек Алтай ауданы ғана емес, көрішлес бірнеше ауданның  тұрғындарына ем-дом  жасаймыз.

2019 жылы облыстағы жалпы  денсаулық сақтау саласына  мемлектетен 14 милиард теңге бөлінген.  Соған сәйкес медицина қызметкерлерінің жалақысы да  айтарлықтай өскен.     

Бердібек Сапарбаев, ҚР Премьер-министрінің  орынбасары:

- Дәрігердердің еңбекақысы әлі де көтеріледі. 200 мың теңге деген сіздердің еңбектерңізге сәйкес келмейді. Президент тапсырма берді. Сондықтан біз қайтадан қарап жатырмыз. Дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы орташа жалақыдан жоғары болу керек. 

Тұрақты еңбекақы зейнетақы түсімінің кепілі. Бердібек Сапарбаев  зейнетақы қорына жиналған қаражаттың бір бөлігін  баспана алуға жұмсау мәселесін қазір үкімет қарастырып жатқанын жеткізді. Ал атаулы әлеуметтік жәрдемақы төлеу бойынша да нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Тек биыл мемлекеттік көмектің осы түрі 9 есеге өскен.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы