389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда генералдар аллеясы ашылды

  • 237
  • UPD: 20:33, 21.09.2019
Қарағандыда генералдар аллеясы ашылды

Салтанатты шараға бірнеше мемлекеттен қонақтар келді. Олардың барлығы кенді шаһардағы ішкі істер министрлігіне қарасты жоғарғы оқу орнының түлектері. Ардақ Асылханұлы осы өңірден.

Қарағанды академиясы 50 жыл ішінде 20 мың офицерді оқытып шығарған. Білім ошағынан қанаттанған түлектердің 65-сі бүгінде генерал шенін алса, 30 адам заң ғылымдарының докторы атанған. Солардың барлығы бүгін мерейтойға жиналып, жас курсанттарға ақылдарын айтты, жігерлендірді. 

Ақынқали Дәрменов, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшысы:

- Біз әр портреттің арасына әдейі айна орнаттық. Курсанттарымыз генералдың суретіне қарап тұрып, айнадағы өз бейнесімен салыстырып, ой түйсін деген мақсат болды. Осылайша олардың да генерал болуға деген құлшынысын оятайық дедік. 

Биыл елімізде ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019-2021 жылдарға арналған жол картасы әзірленген болатын. 9 тараудан тұратын құжаттың бір бағыты кадрларды іріктеу мен жетілдіру. Мәселен, бұған дейін ведомствалық 12 жоғары оқу орны болса, қазір тек 5-уі қалған. 

Марат Қожаев, ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

- Сол карта бойынша Қарағанды академиясы бұрыңғыдай бакалавриат, магистратура, басқа да мамандық түрлерін даярлай береді. Ал қалған оқу орындарының барлығы 6 айдың ішінде жоғары білімі бар заңгер адамдарды біздің салалық мамандықтарға дайындайды, бізге сондай саламен дайындайды.  

Бұл күні жас курсанттар ант қабылдап, мамандығына адал болуға серт берді. Ал арнайы жасақ қырандары түрлі әскери тәсілдерді көрсетті. 

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы