389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО мектептерінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылды

  • 253
  • UPD: 08:37, 22.09.2019
БҚО мектептерінде «Жас сарбаз» сыныбы ашылды

Өскелең ұрпақты бабалар дәстүріне сай етіп, ерлік рухта тәрбиелеу – уақыт талабы.

Осы мақсатта Батыс Қазақстан облысында барлық аудандар мен Орал қаласында 15 «Жас сарбаз» сыныбы ашылды. Солардың бірі - Теректі ауданындағы Шаған орта мектебі. Мұнда әскери-патриоттық тәрбие беретін арнаулы сыныпқа 26 оқушы іріктеліп алынған. Олар мектептегі әр оқу күнін арнайы жаттығулармен бастайды, әскери киіммен сап түзеп адымдайды. Аптасына екі сағат алғашқы әскери дайындық негіздерін меңгереді. Келешекте ата-аналармен келісімге сәйкес 9 сыныптан соң балаларды әскери оқу орындарына бағыттамақпыз, - дейді мектеп басшылығы.

Бекежан Досжанов, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі:

– Қарулы күштер қатарына білімді, сапалы сарбаздар жіберу – біздің міндетіміз. Қызығушылық 3-5 сыныптан көп болды. Соның ішінен бұйрық бойынша келгесін 26 оқушы таңдадық. Қабылдаған кезде ата-аналармен бірге өздері нормативтерін қарап тұрды.

Хабар 24 телеарнасы