389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік жастар кадрлық резерві: Қызылордада 4 мыңнан астам жас маман құжат тапсырған

  • 280
  • UPD: 08:37, 22.09.2019
Президенттік жастар кадрлық резерві: Қызылордада 4 мыңнан астам жас маман құжат тапсырған

Қызылордада Президенттік жастар кадрлық резервін даярлау жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке кіруге ынталы 4 мыңнан астам жас маман құжат тапсырып үлгерген. Сырбойылық кіші буын өкілдерінің әлі де тіркелуге мүмкіндігі бар. Осы ретте іріктеуді үйлестіруші мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент қызметкерлері ауыл-аймақ жастары және оқу орындарының оқытушылар құрамы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу үстінде. 5 кезеңдік сынақ бойынша үміткерлер онлайн түрде тіркеліп, қабілеттілік тестілеуден өтеді. Одан әрі эссе және жеке жобалық жұмыстарын ұсынады. Кәсіби дағдысы мен біліктілігін дәлелдей алғандар Нұр-Сұлтан қаласында сараптама комиссия мүшелері өткізетін әңгімелесуге шақыртылады.

Еркебұлан Сарымбетов, ҚР МҚІА облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы:

– Бұл жобаға 35 жастан аспаған 5 жыл еңбек өтілі бар, жоғары білімді және арнайы тұлғалардан ұсыным хаты бар кез келген ҚР азаматы қатыса алады. Бұл жобаға жалпы құжат қабылдау қыркүйектің 1-нен бастап, 30-жұлдызына дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы