389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық өрт сөндірушілер жеке үйлердегі пештерді тексерді

  • 162
  • UPD: 15:12, 22.09.2019
Ақмолалық өрт сөндірушілер жеке үйлердегі пештерді тексерді

Ақмола облысында жылу маусымының алдында 15 мыңнан астам жеке үй тексерілді.

Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары рейд барысында баспаналардағы пештің дұрыстығын, электр сымдарының жалғануы мен басқа да жылыту қондырғыларын толықтай қарап шықты. Инспекторлардың айтуынша, тұрғындардың көбі қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтамайды. Мәселен, бір үйлерде пештің мұржасы толып қалған болса, енді бірінде қабырғасы жарылып кеткен. Міне, осындай олқылықтарды жедел ретке келтіру керек, - дейді мамандар. Ал көп балалы және аз қамтылған отбасыларға облыстық төтенше жағдайлар департаменті түтін шыққанда белгі беретін дабыл құрылғысын тегін орнатып беріп жатыр. Биыл осындай құрылғы 500 үйге қойылған. Мәселен, Гүлнәр Қожахметованың отбасында 8 бала бар. Аналары тұрмыстың қамы деп кейде түнде де жұмыс істеуге мәжбүр.

Есенгелді Қажығалиев, қалалық ТЖ басқармасының аға инженері:

– Адамдар көбінесе пештерін сыламайды. Ашық-тесік болады. Ол ашық-тесіктен түтін шығуы мүмкін. Балаларын қалдырып кетеді және электр сымдарын олар дұрыс қарамайды. Орай салады. Үйде газбаллонды пештің жанына қойып қоятындар болады. Ал пештің жанына газбаллонды қоюға болмайды. Және де пештің жанына киімдерді іліп, оларды кептіреді.

Хабар 24 телеарнасы