389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов 50-ден астам елордалықты жеке қабылдады

  • 220
  • UPD: 16:44, 22.09.2019
Алтай Көлгінов 50-ден астам елордалықты жеке қабылдады Facebook

Елорда әкімі азаматтарды жеке қабылдау аясында 54 тұрғынды қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Елорда әкімі А.Көлгінов сенбі және жексенбі күндері азаматтардың жеке қабылдауында 50-ден тұрғынды қабылдады. Азаматтардың негізгі мәселелері қатарына, әлеуметтік блок бойынша тұрғын үй сатып алу, білім алу, балаларды балабақшаларға кезекке қою, атаулы әлеуметтік көмек алу және тағы басқа жатады», - деп жазылған қала әкімдігінің Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, ақпаратта 20 қыркүйек күні қала әкімі А. Көлгінов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов аз қамтылған отбасылармен кездескені айтылған.

«Әкім мен министр аз қамтылған отбасылармен кездесіп, АӘК алу, тұрғын үй алу, медициналық көмек алу және т.б. тетіктерін түсіндірді. Сол күні қала әкімі А.Көлгінов тұрғындарды Сарыарқа ауданының әкімдігінде орналасқан Open akimat қабылдады», - делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінде айтылғандай, қала басшысы үш айдан аз уақыт ішінде 400 адамды қабылдаған.

«Азаматтарды қабылдау аудан әкімдігі мен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында жүйелі түрде жүргізілуде. Орталықта «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі», - деп хабарлайды әкімдік.

Хабар 24 телеарнасы