389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда 71 тұрғын үй апаттық жағдайда тұр

  • 221
  • UPD: 19:33, 22.09.2019

Атырауда тозығы жеткен үй тұрғындары қирандының астында қалып қоямыз ба деп дабыл қағып отыр.

Өткен ғасырдың 50-жылдары салынған баспаналардың тозығы жеткені соншалық, қабырғалары қақырап, төбелері жарылып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкінішке орай, мұндай үйлер саны мұнайлы өңірде өте көп.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Бұл - қала ортасындағы «Дружба» көшесінде орналасқан 14 үйдің қазіргі сыйқы. Қақыраған қабырғалардың арасындағы саңылаудың үлкендігі сондай, бөлмелердегі бар тірлік алақандағыдай анық көрінеді.

Облыс орталығында апатты жағдайда тұрған осындай 71 үй бар екен. Басқа барар жерлері жоқ тұрғындар тозығы жеткен қирандыларды мекен етуге мәжбүр. Олар бір күні үйдің төбесі ортасына түсіп, бала-шағамыз астында қала ма деп қорқады.

Елена Қуанышева, апатты үйдің тұрғыны:

Екі жыл болды қалалық, облыстық әкімдікте қақпаған есігіміз қалмады. Бірақ әзір еш қайран жоқ. Егер жаман айтпай жақсы жоқ, түнде төбе түсіп кетсе, не болмақ?

Бұл жағдайдан жергілікті билік жақсы хабардар. Тіпті кешенді бағдарлама да жасалған.

Рафхат Жолдиев, қалалық ТҮКШ тұрғын үй секторының  меңгерушісі

Осы үйлерді көшіру үшін тұрғын үй құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар біз жекеменшік әріптестік серіктестігі негізінде кәсіпкерлерді осы үйлердің орнына үй салуға жоспарлап отырмыз.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Атырау қаласы бойынша осындай тозығы жеткен үйлерді көшіру жоспары 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді екен. Осы уақыт ішінде 347 пәтерлік 18 көп қабатты үй пайдалануға беріліпті. Бірақ былтырдан бері қарай оң үрдіс тоқтап қалыпты. Айтқандай, белгілі болғаны, біздің түсіру тобымыздың араласқанын білген жергілікті билік қозғала бастаған сыңайлы. Бүгін апатты үйлердегі тұрғындарды шұғыл көшіру туралы арнайы комиссия құрылыпты. Олар барлық жағдайды екшеп, өз қорытындыларын жария етпек. Алайда, оның қаншаға созылатын тап басып ешкім айтқан жоқ.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

 

 

Хабар 24 телеарнасы