389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің «АТОМ» жобасына Жапониядан 300 адам қосылды

  • 226
  • UPD: 23:25, 22.09.2019

Еліміздің Тұңғыш Президентінің ең маңызды бастамаларының бірі – мемлекетті ғаламдық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысына айналдыруы.

Осыған байланысты жойқын қарусыз әлемді қолдаушылар өз елдеріндегі саясаткерлерден Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алуға шақырады. АТОМ жобасына Жапонияда тағы 300 адам қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Семей ядролық полигоны 42 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында ел аумағында 500 әуе, жер және жерасты сынағы өткізілді. Бұл әлемде жүргізілген ядролық сынақтардың тең жартысы. Халыққа көп зардап шектірген осы полигонды Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылы жапты. Бірақ ядролық қарусыздану мәселесі әлемде өзектілігін жойған емес.

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директорының орынбасары:

- «Қазақстан – Жапония: ядролық қарусыз әлемге жол» жобасын жүзеге асырушы елдерді таңдауда кездейсоқтық жоқ. Қазақстан мен Жапония адамзат ақылының керемет жетістігін, атом энергиясын қиратушы мақсатта қолданды. Сондықтан еліміздің Тұңғыш Президентінің 2016 жылғы Жапонияға сапары стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісмшартқа қол қоюмен аяқталды.

Ерлан Баударбек-Қожатаев, ҚР-ның Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі:

Жапония тарапы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құруды көздейтін бастамаларын жоғары бағалайды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэ ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растауда. Осы саладағы бірлескен жұмыс Жапониямен жалғастырылады.

Халықаралық қауіпсіздік және және ядролық қаруды таратпау мәселесі кез келген мемлекет үшін маңызды. Бұл саладағы өзгерістер әлемдегі геосаяси ахуалға бірден әсер етеді. Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жойқын қаруға тыйым салуды талап етуі де сондықтан.

Кәріпбек Күйіков, АТОМ жобасының елшісі:

- Мен жапон халқына бірлесіп әрекет етудің қажеттігін айтқым келеді. Біздің елдер атом қасіретін бастан кешті. Сондықтан біз өзге мемлекеттердің алданып, жойқын қаруға ие болуына жол бермеуіміз керек.

Конференция соңында шараға қатысушылар АТОМ жобасының ядролық елдерден жойқын қаруды сынауға заңды түрде тыйым салуға шақырған үндеуіне қол қойды.

Авторы: Бауыржан Уразалиев

Хабар 24 телеарнасы