389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы автомагистраль құрылысы қатынау уақытын едәуір қысқартты

  • 153
  • UPD: 08:35, 23.09.2019

Атырау облысындағы аудандарды өзара қосатын автомагистральдің құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Бұған дейін Сағыз станциясын Миялыға қосатын күре жол пайдалануға берілген болатын. Енді аудан орталығынан Индер арқылы Атырауға шығатын автожол салынып жатыр. Шалғайдағы Қызылқоға ауданының барлық елді мекендерін орталыққа жалғайтын жол құрылысы несімен маңызды?

Осыдан қырық жыл бұрын салынған ауыл арасындағы тас жолдың бүгінде тамтығы да қалған жоқ.  Ал тұрғындар түрлі шаруаларымен аудан орталығы Миялыға айына кем дегенде екі-үштен қатынауға мәжбүр. Биыл пайдалануға берілген 120 шақырымдық күре жол, осы күрделі мәселенің күрмеуін шешті. 

Қойшыбай Дәулетов, Қарабау ауылының тұрғыны:

- Мына жерде 4 көпір бар. Міне, соны түзесе біздің ешқандай мұқтажымыз жоқ. Миялыға бұрын 4-5 сағат жүретін едік қой, иттей болып. Қазір енді шүкір 1,5 сағатта жетіп барамыз. 

Қанат Хайруллин, Қызылқоға ауылдық округінің әкімі:

- Бұл жол қосылғанда Қарабау мен Орал ортасында жұмыс істеуге, шағын және орта бизнесті дамытуға кәсіпкелердің жүруіне үлкен мүмкіндік болады.

Қазір Қарабау-Индер бағытындағы жол құрылысы жүріп жатыр. Ұзындығы 87 шақырымдық күре жол Қызылқоға ауданын Индерге қосатын болады.  

Әсет Оразғалиев, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Бұл үшінші санатты болып табылады. Жалпы жолдың ені 8 метрді құрап отыр жоба бойынша. Сонымен қатар жолдың конструкциясы 55 смді құрайды. Оның 15 см-і асфальтті битум болып табылады. Бұл қайта жаңғыртылғаннан кейін ірі көлемді, және ауыр салмақты жүктердің қатынауына мүмкіндік береді.

Осылайша Қызылқоға аудынандығы 400 шақырымдық жол құрылысы 2021 жылы толық аяқталмақ. Келе жылы жол жөндеу жұмыстары Құрманғазы, Исатай аудандарында жалғасатын болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы