389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында қант қызылшасын жинау басталды

  • 205
  • UPD: 08:36, 23.09.2019

Биыл 14 мың гектарға тәтті түбір еккен Алматы облысының шаруалары қант қызылшасын жинай бастады. Жиын терін науқанына  облыстың Сарқан және Ақсу аудандарының еңбеккерлері кірісті. Олар өз өнімдерін өңірдегі ең ірі Ақсу қант зауытына өткізіп жатыр. 

Берік Тынышбаев төрт жылдан бері  тәтті түбір егіп келеді. Алғашында қант қызылшасын 10 гектарға сеуіпті. Содан бері егістік көлемін он есеге ұлғайтқан. Ресейлік ғалымдармен бірлесе жұмыс істейтін шаруа Ақсау ауданы бойынша алғашқылардың бірі болып өнім жинауға кірісті.  

Берік Тынышбаев, шаруа қожалық жетекшісі:

- Биологиялық өнімділігі 80 тоннаға дейін барады. Шаруашылық бойынша қазір 60 тоннаға дейін жеткізіп отырмыз. 110 гектар сеуіп отырмыз. Енді 6 мың тонна өнім алуды жоспарлап отырмыз.  

Аудандағы 136 шаруа қожалығы 2800 гектардан астам жерге  қант қызылшасын сепкен. Дала еңбеккерлері өнімді сервистік дайындау орталықтарының көмегімен  жинап жатыр. 

Арман Қабаев, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары:

- 7 СЗЦ құрылған. Шаруашылықтардың барлығы СЗЦ-лармен жұмыс істеп жатыр. СЗЦ лардың барлығы комбаинмен, техникамен жабдықталған. Уборочный компания осы техникалармен жүреді. Көп жеңіл бұрыңғыға қарағанда и жұмыс өнімділігі көбейді. 

Жүк көліктеріне тиелген тәтті түбір Ақсу қант зауытына жеткізіліп жатыр. Өндіріс орны он жылдық үзілістен кейін 2017 жылы іске қосылған болатын. Содан бері кезең кезеңмен техникалары жаңартылып келеді. Бүгінде қондырғыларының 85 проценті ауыстырылды.  Соның нәтижесінде алып кешеннің өнім өңдеу мүмкіндігі артқан. 

Самат Нәдірбаев, қант зауытының директоры:

- Қуаттылығы 4050 тонна тәулігіне қант қызылшасын өңдей алатын нәтижеге жетеміз. 4050 тоннаға жетсек, 400-450 мың тоннна қант қызылшасын өңдей аламыз деген сөз. Енді үлкен зауыттардың қатарына кіріп жатыр. Республикада қуаттылығына қарағанда біздің зауыт бірінші болады. 

Зауыт қазір қант қызылшасын қабылдап қана тұр. Өндіріс орнының тұрақты жұмыс істеуіне жеткілікті болардай етіп жиналғанда ғана іске  қосылады.  

Шыңғыс Қалиден, тілші:

 - Алматы облысында өнім жинау науқаны бүгіннен басталып, қараша айына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында Ақсу және Көксу қант зауыттарына 560 мың тоннадай өнім өткізу көзделген. Одан 52 мың тоннадан аса қант өндіру жоспарланып отыр.

Авторлрары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы