389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында орақ науқаны қарқын алды

  • 174
  • UPD: 08:40, 23.09.2019
Павлодар облысында орақ науқаны қарқын алды

Жер өңдеудің  озық технологияларын енгізген Павлодар облысының диқандары қуаңшылыққа қарамай бидайдан мол өнім алып жатыр.

Ертіс өңірінде қазір астық жинау науқанының нағыз қызған шағы. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні 375 мың гектар алқаптың бидайы орылған. Қамбаға құйылып жатқан астықтың орташа шығымдылығы гектарына 9 центнерден келіпті. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда сәл төмен көрсеткіш. Алайда, жер емген шаруа қауымы құрғақшылық жылдары  бұдан артық  нәтижеге қол жеткізудің мүмкін еместігін айтады. Дән  себетін шарушалықтардың көбі ғылымға бетбұрыс жасаған. Ғалымдармен келісе отырып, олар кейбір бидай сұрыптарын жылдағыдан ерте сепкен. Диқандар астық түсіміне заманауи ауыл шаруашылығы техникасының да оң әсері барын айтады. Мәселен, Успен ауданының шаруашылықтары машина-трактор паркін 90 процентке жаңартыпты. 

Қуаныш Баймағанбетов,  шаруашылық  басшысы:

- Біз ғалымдар мен агрономдардың ұсынымдары бойынша егінді мерзімінен бұрын ектік. Бұл жерде ерте пісетін сұрыптарды айтып өткім келеді. Бүгінгі таңда соның жемісін көріп отырмыз. Жалпы, ауылшаруашылығы дақылдарын өсіп-өндіруде ғылыми көзқарастың берері мол. Біз жаңа технологияларды енгізуден қорықпаймыз.Тұқым қорын жаңартып, тыңайтқыштар мен арам шөпке қарсы гербицидтерді  қолданамыз. Соның арқасында биыл бір ай бойы 32-36 градус ыстық болғанына қарамастан гектарына 12,5 центнерден бидай алып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы