389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тікұшақ көмегімен 23 есірткі алқабы анықталды

  • 195
  • UPD: 10:06, 23.09.2019
Елімізде тікұшақ көмегімен 23 есірткі алқабы анықталды inform.kz

Қазақстанда тәртіп сақшылары тікұшақ көмегімен әуеден 23 есірткі алқабын тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері «Көкнәр» операциясы барысында 3 айдың ішінде 16,7 тонна есірткі тәркіледі. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тікұшақ көмегімен заңсыз «үндістан көкнәрі» өсірілген 23 плантацияны тапты.

«Жыл сайын маусым мен қазан аралығында елімізде «Көкнар» операциясы жүргізіледі. Есірткі сатушыларды ұстау үшін наркоактивті аудандардағы (Жамбыл және Қызылорда облыстары) полицейлер қатарларын өзге өңірлерден келген әріптестермен және құралдармен күшейтілуде. Сондай-ақ, Қызылорда облысында үнді көкнәрі егілген алқаптарды анықтау үшін Ұлттық гвардия және «Сұңқар» арнайы жасақ қызметкерлері әуе техникасының көмегімен қашықта орналасқан жерлер әуеден бақылайды», – делінген хабарламада.

Осындай тәсіл оң нәтиже беруде. Жедел алдын алу шаралары басталғалы 16 тонна ескірткі тәркіленді. Оның 8,7 келісі – героин, 4 тоннасы – марихуана, 198 келісі – наша. Ал көкнәр егілген жерлерден 10 тонна есірткі өсімдігінің көзі жойылды.

Хабар 24 телеарнасы