389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жаңбыр суын құрғатумен айналысатын ұйымдар кезекшілігі күшейтілді

  • 168
  • UPD: 11:30, 23.09.2019
Елордада жаңбыр суын құрғатумен айналысатын ұйымдар кезекшілігі күшейтілді

Қыркүйектің 22-сінен 23-іне қараған түні Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты су басқан учаскелердегі суды сору бойынша мердігерлік ұйымдардың кезекшілігі күшейтілді, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған Елорда Инфо.

Есіл ауданы бойынша:

24 бірлік АС машина шықты.

680 м3 жаңбыр суы сорылды.

Алматы ауданы бойынша:

4 бірлік АС машина шықты.

320 м3 жаңбыр суы сорылды.

Сарыарқа ауданы бойынша:

8 бірлік АС машина шықты.

440 м3 жаңбыр суы сорылды.

Байқоңыр ауданы бойынша:

6 бірлік АС машина шықты, 4-і кезекшілікте күтті.

150 м3 жаңбыр суы сорылды.

Хабар 24 телеарнасы