389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүлік салығын төлемегендер тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады

  • 252
  • UPD: 13:24, 23.09.2019
салық салық informburo.kz

1 қазаннан бастап мүлік пен жер салығы бойынша қарызы бар қазақстандықтардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Онда тегі, аты, әкесінің аты және қарыздың жалпы сомасы көрсетіледі.

Бұл ең бірінші қарызы 50 мың теңгеден асатын адамдарға, одан соң 20 мың теңгеден жоғары қарызы барларға қатысты болады, деп хабарлайды krisha.kz.

Мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Заңға сәйкес салық органдары борышкерлердің аттарын жария етуге құқылы. Алматы қаласы Медеу ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасының айтуынша, тізімде Қазақстандағы танымал адамдардың есімдері де кездеседі.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бөлек салық төлемегендер қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті мен сот орындаушыларының сайтындағы борышкерлердің тізіміне қосылады және оларға банктік шот ашпау және шетелге шығуға уақытша шектеу қою қаупі бар.

Салық қарызы үшін басқа айыппұлдар қарастырылмаған. Берешек сомасы кешіктірілген жағдайда айыппұл күн сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып есептеледі.

Салық берешегінің болу-болмауы туралы комитеттің www.kgd.gov.kz сайтынан және электрондық үкіметтің egov.kz сайтынан білуге болады.

Еске салсақ, биыл қазақстандықтар 2018 жылдың мүлік салығын төлейді.

Хабар 24 телеарнасы