389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі жас натуралистер станциясы дала қырандарының мекеніне айналған

  • 210
  • UPD: 14:05, 23.09.2019

Станцияда қазір 15 жыртқыш құс бар. Соңғысын жергілікті тұрғын қала маңындағы Сарыжар ауылынан тапқан.

Қанаты жаралы қыранды ветеринар мамандар бақылап, ем-дом жасауда. Әзірге станциядағы бүркіттердің үшеуі бөлек торда. Бейімделу кезеңі өткен соң олар қалған құстардың қасына қосылады. Балаларға қосымша білім беретін жас натуралистер станциясында 630 оқушы бар. Жеткіншектердің қырандармен қатар тауыс, көгершін құстарын және тасбақа мен қоян, канадалық қасқырды бақылауға мүмкіндігі бар.

Әйгерім Ахметова, жас натуралистер станциясы директорының орынбасары:

- Дала қырандары әртүрлі себептермен біздің станциямызға келіп жатыр. Көбісі жаралы. Жаралы болғандықтан еркін далалықта тіршілік ете алмайды. Сондықтан біздің станциямызды мекен етеді. Күніне 800 грамм шикі етпен қоректенеді. Көбіне біздер демеушілердің көмегімен азықтандырып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы