388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


iKOMEK109 орталығына медициналық қызмет сапасына қатысты шағым жиі түседі

  • 194
iKOMEK109 орталығына медициналық қызмет сапасына қатысты шағым жиі түседі Елорда Ақпарат

1 қыркүйектен бастап iKOMEK109 қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 92 654 өтініш келіп түсті.

Алғашқы қоңыраудан 77 791 өтініш шешілді, шешілген 11 155 жағдаяттың ішінен 2 659 шағым қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шағымдардың көбі денсаулық сақтау саласында ұсынылатын қызметтер сапасына қатысты келіп түсті. Шағымдар саны – 20 611. Анықтамалық сипаттағы 21 388 және қоғамдық көлікке қатысты 20 526 өтініш қабылданды. Сонымен қатар орталыққа 934 ұсыныс пен 115 алғыс келіп түсті.

Айта кету керек, тұрғындардан түскен шағымдар мен өтінімдер тіркеліп, шешімін табуы үшін қаланың тиісті органына жолданады.

Хабар 24 телеарнасы