389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Баянауылдағы өрт елді мекендерге қауіп төндірген жоқ – ТЖД

  • 144
  • UPD: 14:26, 23.09.2019
Баянауылдағы өрт елді мекендерге қауіп төндірген жоқ – ТЖД

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өрт шыққан орынды тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өрт шыққан орынға мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ТЖК «Қазавиақұтқару» қызметінің МИ-171 бортымен аралап шықты. Тікұшақпен аралау барысында орманды-дала өртінің тұрғылықты орындарға қауіп төндірмейтіні анықталды. Жағдай бақылауда», - деп хабарлайды ҚР ТЖК баспасөз қызметінен.

Комитеттің хабарлауынша, шамамен өрт аумағы 93 гектар алқапты шарпыған. «Өртті сөндіруге мемлекеттік органдардан, ұлттық парк пен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 500 адам мен 120 арнайы техника жұмылдырылды. Адам аяғы жетпейтін қиын тұстарды сөндіруге ҚР ТЖК-ның «Қазавиақұтқару» қызметінің тікұшағы жұмылдырылды» деп хабарлайды комитеттен.

Еске сала кетсек, Баянауыл ұлттық паркіндегі алапат өрттің ауыздықталғаны бүгін таңертең хабарланған болатын. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Хабар 24 телеарнасы