389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шамалғандағы апаттан зардап шеккен 5 жасар қыз есін жиды

  • 173
  • UPD: 14:30, 23.09.2019
Шамалғандағы апаттан зардап шеккен 5 жасар қыз есін жиды inform.kz

Шамалғанда пойыз соққан автобустың ішінде қалып, апаттан зардап шеккен 5 жасар қыз есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше 5 жасар қыз бала есін жиды. Тыныс алатын аппараттан шығарылып, бүгін әрі қарай емдеу үшін мамандандырылған бөлімге ауыстырылды. Жағдайы ауыр, динамикасы тұрақты. Үш жастағы екінші баланың өкпесі жасанды жолмен тыныс алып жатыр», – деді денсаулық сақтау басқармасынан.

Бес жасар қыздың маңдай-самай сүйектері сынған. Оған Қаскелең ауруханасында бас сүйекті трепанациялау отасы жасалды.

Еске сала кетейік, 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19:08-де Алматы – Шамалған теміржол өткелінде жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқан еді. Оқиға орнында қоғамдық көлік жүргізушісі қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алған болатын. Үш адам – бір отбасының мүшелері.  Дәрігерлер 3 және 5 жастағы апалы-сіңлі қыздардың жағдайы ауыр екенін ескеріп, оларды Қаскелеңнен Алматыдағы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы