389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ІOS жүйесінде қазақ тілі ресми түрде пайда болды

  • 160
Apple Apple tengrinews.kz

Apple өнімдеріне арналған операциялық жүйенің жаңа нұсқасында қазақ тілі ресми түрде қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

IOS 13-те 38 жаңа пернетақта тілі, оның ішінде қазақ, қырғыз, моңғол, түрікмен, тәжік, күрд, ұйғыр және өзбек тілдері енгізілді. Өзбек тілі араб, кирилл және латын қаріптерінде қолжетімді. Толық тізімді Apple сайтынан көруге болады.

IPhone-ға қазақ тілін орнату үшін Параметрлер-Пернетақта-Пернетақталар қызметтерін басу керек.

Сонымен қатар, операциялық жүйенің жаңа нұсқасында күңгірт режим пайда болды. Ол Apple-дің барлық стандартты бағдарламаларын қара-сұр түске өзгертеді.

Хабар 24 телеарнасы