389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» арқылы 21 жоба жүзеге асырыла бастады

  • 222
Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» арқылы 21 жоба жүзеге асырыла бастады

Биыл Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген 1,7 миллиард теңгеге 21 жоба жүзеге асырыла бастады.

Оның ішінде білім, денсаулық және мәдени нысандарды күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған. Ал келесі жылы аталған жоба аясында 4 елді мекеннің тұрмысын жақсартуға бағытталған 57 жоба жүзеге асырылмақ. Соның бірі Шиелі ауданындағы Ақмая ауылы. Мұндағы осыдан 36 жыл бұрын салынған мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Оқу ошағының есік-терезесі тозып, спорт залдың қабырғасына сызат түскен. Ауыз су құбырлары да істен шығыпты.

Марал Ахметов, мектеп директоры:

- Оқу-тәрбие жұмысына ешқандай күрделі жөндеу жұмысына байланысты кедергі келіп тұрған жоқ. Бірақ дегенмен енді жөндеу жұмыстарының бағыты, сылақтары түскен, едені тозған, есік-терезелері бұрынғы ағаш күйінде сақталған, әйнектері шытынаған.

Алмагүл Нұрасылова, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары:

- Енді әлеуметтік салаға 6 жобаға 442 млн теңге, көшені жарықтандыруға 5 жобаға 98 млн теңге, көлік инфрақұрылымына 45 жобаға 957 млн теңге, денсаулық сақтау бойынша 1 жобаға 114 млн теңгені біз құжаттарын әзірлеп, министрлікке тапсырғалы жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы