389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жоғары оқу орындары жылыту маусымына дайын

  • 156
  • UPD: 17:39, 23.09.2019
Еліміздегі жоғары оқу орындары жылыту маусымына дайын

Еліміздегі жоғарғы оқу орындарының барлығы жылыту кезеңіне дайын.

Сондай-ақ әзірлік жөніндегі актілер 6656 мектеп пен 2527 балабақшаға берілді. Бұл туралы бүгін өткен жылыту маусымына дайындықты пысықтауға арналған Үкімет отырысында айтылды. Жалпы өндіруші компаниялар биыл 75 миллион тонна көмір өндіріпті. Үкімет басшысы Асқар Мамин өңірлердің әкімдеріне екі апта ішінде көмірдің сапасы мен бағасын және өткізу орталықтарын тексеруді тапсырды. 

Сондай-ақ бүгінгі Үкімет отырысында «Бастау Бизнес» жобасының жүзеге асу барысы да қаралды. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында биыл 22 шілде мен 5 қыркүйек аралығында республиканың 200 мектебінде 18 мың жас пен көп балалы отбасылардың өкілдері оқытылды. Ауылдық елді мекендерді несиелендіруге қазынадан 60 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жыл басынан бері 9 433 микрокредит берілді, оның басым көпшілігі елді мекен тұрғындарының еншісінде. Премьер-министр жобаға қатысушыларды көбейтіп, бизнесін ашқандар немесе кеңейткендер санын 20-дан 30 процентке дейін жеткізу мәселесіне назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы