389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы Кеңсай ықшам ауданында амбулаториялық емхана ашылды

  • 332
  • UPD: 17:58, 23.09.2019
Алматыдағы Кеңсай ықшам ауданында амбулаториялық емхана ашылды

Алматыдағы Кеңсай ықшам ауданының халқы енді ем іздеп, алысқа сабылмайды.

Саяжай тұрғындары бұған дейін қалалық №2 емханаға қатынаған. Ал оған жету ауа райы қолайсыз кезде, әсіресе, ауру балалары бар ата-анаға қиын болатын. Енді оларға қолайлы болу үшін жақын жерден шағын амбулаториялық емхана ашылды. Бұл «Шетсіз қала – шекарасыз медицина» жобасының аясында іске асып отыр. Амбулаториялық емхана ем шара кабинеті мен электрокардиограмма аппаратымен жабдықталған. Тұрғындар қан талдауларын тапсырып, скринингтік тексеруден де осында өте алады, дейді №2 қалалық емхананың бас дәрігері Тоғжан Еспергенова. Сондай-ақ осы амбулаториялық емханада салалық дәрігер мамандар да қабылдауларын өткізетін болады. 

Тоғжан Еспергенова, №2 қалалық клиникалық емхананың бас дәрігері:

– Бізде офтольмолог, эндокринолог, кардиолог және де тамақ-мұрын ауруларын қарайтын лор дәрігерлер бар. Барлығын айына екі рет дәрігерлік тексеруден өткізіп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы