389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық кәсіпкерлер «Шапағат» қайырымдылық қорына жаңа ғимарат салып берді

  • 167
Түркістандық кәсіпкерлер «Шапағат» қайырымдылық қорына жаңа ғимарат салып берді

Түркістанда жаны жомарт кәсіпкерлер «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорына жаңа ғимарат салып берді.

Бұған дейін әкімдік берген үйді пайдаланып келген қор мүшелері енді өздеріне тиесілі заманауи ғимаратта жаттығуларын жалғастырады. Қоларбаға таңылған жандардың қуанышында шек жоқ. Жаңа ғимарат – арбаға таңылған жандарды арнайы жаттығулар арқылы жүруге талпындыратын Қазақстандағы тұңғыш орталық. Оның ішінде жаттығуға қажетті құрал-жабдықтар, төсек орын секілді қажетті дүниелер де бар. Мәселен, 16 жатын орны бар. Қосымша асханамен қамтылған. Бейімдеу орталығының есіктері ашып-жабуға ыңғайлы болуы үшін арнайы тапсырыспен жасалған. Жаттығу залының сыйымдылығы 45-50 адамға лайықталған. Қоғам мүшелері «бұл әлі ісіміздің басы дейді. Демеушілер сыйға тартқан 1 гектардан астам жерге арнайы бассейн мен басқа да ғимараттар салынбақ.

Құлжан Қошқаров, қайырымдылық қорының заңгері:

– Бұл жерде арбада отырған адамдардың тұруына 100 пайыз мүмкіндік бар екеніне біз сенеміз. Себебі Ғизат Байырболов деген азамат 7 жыл арбада отырған кісі, өзінің тәжірибесімен емдеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы