389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-дағы Теректі ауданында көп балалы 8 отбасы үйлі болды

  • 178
  • UPD: 20:49, 23.09.2019
БҚО-дағы Теректі ауданында көп балалы 8 отбасы үйлі болды

Батыс Қазақстан облысында жыл соңына дейін 1 мың пәтер тапсырылмақ.

Осы пайдалануға берілетін баспананың 200-і көп балалы отбасыларға бұйырады. Ал жуырда Теректі ауданының Ақжайық ауылында 24 жанұя қоныс тойын тойлады. Олардың барлығы – тұрғын үй кезегінде тұрған баспанаға мұқтаж жандар. Сегізі – көп балалы отбасы. 3 қабатты тұрғын үй «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салыныпты. 5 бала тәрбиелеп өсіріп отырған Қажиахметовтар әулеті осы қуанышты 6 жыл күткенін айтады.

Айнұр Қажиахметова, Ақжайық ауылының тұрғыны:

– Пәтерден пәтерге көшіп жүрдік. Тұрақты үйіміз болған жоқ. Бесінші бала дүниеге келгесін пәтер кезегіне тұрдым. Жыл сайын кезегіме қарап қоямын. Шынымды айтсам, бес-алты жылдан соң пәтер кілтін ұсынады деп ойлаған жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы